Иляшова Гулия Кенжебековна - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің Экономика және құқық институтының 1999 жылғы түлегі. Негізгі жоғары білімі (бакалавриат) экономист, менеджмент саласының маманы. 2003 жылы университеттің Экономика және бизнес факультетінің Экономикалық теория кафедрасының магистратурасын және 2005 жылы аспирантураны бітірген. Арнайы жоғары білімі Экономика магистрі.Ғылыми дәрежесі - PhD докторы. Г.К.Иляшова 2011 жылдан бері «Экономика» кафедрасының аға оқытушылық қызметінде беделді қызмет етіп келеді. Кафедрада Халықаралық аккредитация, НААР, НКОАКО және т.б. ұлттық рейтингтер бойынша Экономика мамандығындағы құжаттарды дайындаумен және іс жүргізуде жауапты болған, және «Экономикалық теория» пәнінен ОЖСБ дайындауға жауапты болған. Кафедрада «7М04102 - Экономика» мамандығының магистратура, «6В04109 – Цифрлы экономика» бағыты бойынша Білім беру бағдарламасының үйлестірушісі және оны әзірлеуші болып табылады. Оқу және өндірістік практикаларға, диплом жұмыстарына жетекшілік етеді. Сондай-ақ, 2013-2014 оқу жылында «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша МВА магистратурасын ашуға лицензия алу үшін жұмыс оқу бағдарламасын жасауға және құжаттар тізімдемесін әзірлеуге, электронды құжаттаманы жасауға белсенді қатысқан. Кафедрада жыл сайын мамандық рейтингісін жасауда жауапты тұлға ретінде өзін өте білікті деңгейдегі маман екендігін көрсетуде. 2020-2021 оқу жылында KazSEE аккредитациялау процесіндегі өзіндік есеп беру жұмыстарында өте жақсы белсенділік танытты. Оқу үдерісінде сабақты мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін жүргізеді. Факульттеттегі студенттік конференцияға әрдайым студенттерді дайындайды және олар жүлделі орындар алуда. Университеттің және факультеттің қоғамдық өміріне белсенді араласады. Біліктілік деңгейін әрдайым арттырып отырады.Иляшова Г.К. 2016-2019 оқу жылдары Экономика және бизнес жоғары мектебінің «6D0506-Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантураны тәмамдады және «ҚР заманауи экономикасындағы халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуы: қалыптасуы және даму тенденциялары» тақырыбындағы докторлық диссертациясын 25.12.2023ж. сәтті қорғап шықты. Диссертация тақырыбы бойынша «Scopus» деректер базасында 4 мақаласы: 2 - ғылыми журналда, 2 – Prociding жарық көрген. Хирша Индексі -2.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
1999 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
ДокторPhD |
Философские науки |
15.01.2024 |
5
документам
2